jitsu gif
Спорт

    "Арсенал" мен "Ньюкасл" арасындағы ойында күтпеген нәтиже тіркелді

    Джака
    Лондондық "Арсеналдың" футбошылары. Фото: Twitter/Arsenal

    Футболдан Англия чемпионатының 19-турында "Арсенал" пен "Ньюкасл" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Эмирейтс" стадионында өткен матчта "Арсенал" мен "Ньюкасл" тең ойнады (0:0).

    Осылайша, Микель Артетаның шәкірттері бұл маусымдағы алғашқы ойында гол соққан жоқ. Бұған дейінгі матчтарда "Арсенал" футболшылары қарсыластың қақпашысынан кем дегенде бір рет айласын асырып отырған.

    Сонымен қатар кездесу басталғанға дейін спорт сарапшылары аталған ойында "Арсенал" жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда "Ньюкасл" лайықты қарсылық көрсетті.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта лондондық клуб Англия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. "Арсенал" мен екінші орындағы "Манчестер Сити" арасын сегіз ұпай бөліп тұр.

    "Арсенал" мен "Ньюкасл" арасындағы ойында күтпеген нәтиже тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.