jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Роналдуды сатып алған арабиялық "Әл-Наср" клубы әйгілі Лука Модричке көз тігіп отыр

    Модрич
    Модрич жасыл алаңда. Фото: Twitter/Fifa World Cup

    "Реал" клубы мен Хорватия құрамасының ойыншысы Лука Модрич Сауд Арабиясы чемпионатына осы қыста ауысуы мүмкін. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жақында Криштиану Роналдуды қатарына қосқан "Әл-Наср" енді Лука Модричке шақырту жіберіп отыр.

    Саудиялық басылымдардың мәліметінше, Эр-Рияд қаласының клубы қысқы трансферлік терезе кезеңінде Модричті қатарға қоспақшы. Оған бір маусымда 40 миллион еуро төлеп, 2,5 жылға келісімшарт жасаспақ.

    Егер "Реал" ойыншыны қыста сатудан бас тартса, "Әл-Наср" хорватиялық футболшымен жазда келісімге келуге дайын.

    Лука Модрич әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, "Алтын доп" иегері әрі чемпиондар лигасының жеңімпазы.

    Роналдуды сатып алған арабиялық "Әл-Наср" клубы әйгілі Лука Модричке көз тігіп отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.