Футболдан Қазақстан біріншілігінің өткен маусымдағы сұрмергені "Астана" сапынан кететін болды
Опубликовано:
Португалиялық футболшы Педро Эуженио елордалық "Астана" клубынан кететін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.
"Педро Эуженио келісім-шарт мерзімі аяқталған соң "Астана" футбол клубынан кетеді. Елордалық клуб сапында ол 44 матч өткізіп, 24 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Педроға команданың жетістігіне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Педро Эуженио өткен маусымда футболдан Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені болды. Жартылай қорғаушы 24 ойында 18 рет мергендігімен көзге түсті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006759-futboldan-qazaqstan-birinsiliginin-otken-mausymdagy-surmergeni-astana-sapynan-ketetin-boldy/