"Манчестер Юнайтед" Англияның лига кубогының финалына бір табан жақындады
Опубликовано:
Түнде Англияның лига кубогының жартылай финалдық матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жартылай финалдың алғашқы матчында "Манчестер Юнайтед" сырт алаңда "Ноттингем Форест" клубымен шеберлік байқасты.
"Сити Граунд" стадионында өткен матчта Эрик Тен Хаг шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 0:3. Гол авторлары: Маркус Рэшфорд, Ваут Вегорст, Бруно Фернандеш.
Осылайша, "Манчестер Юнайтед" Англия лига кубогының финалына бір табан жақындай түсті.
Енді жауапты матч "Олд Траффорд" стадионында өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006853-mancester-yunaited-angliyanyn-liga-kubogynyn-finalyna-bir-taban-zaqyndady/