"Реал Мадрид" маңызды матчта ұпай жоғалтты
Опубликовано:
Түнде футболдан Испания біріншілігінің 19-турының бірнеше матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Реал Мадрид" өз алаңында "Реал Сосьедад" клубымен кездесті. "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта тең есеп тіркелді (0:0).
Тоқсан минут бойы алаңда болған карольдік клубтың шабуылшылары Карим Бензема мен Винисиус Жуниор мергендігімен көзге түскен жоқ.
Осылайша, Карло Анчелоттидің шәкірттері маңызды матчта ұпай жоғалтып, көш басындағы "Барселонадан" 5 ұпай қалып қойды.
Айта кетейік, каталониялық клуб 47 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал "Реал Мадридте" 42 ұпай бар. Үздік үштіктің қатарында "Реал Сосьедад" бар (39 ұпай).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007223-real-madrid-manyzdy-matcta-upai-zogaltty/