jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "ПСЖ" мен "Реймс" арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

    Неймар мен Мбаппе
    Неймар мен Мбаппе. Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

    Түнде футболдан Франция біріншілігінің 20-турының матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "ПСЖ" өз алаңында "Реймс" клубын қабылдады. "Парк де Пренс" стадионында өткен матчта тең есеп тіркелді (1:1). Ойын барысында "ПСЖ" сапынан Неймар, "Реймстен" Фоларин Балогун мергендігімен көзге түсті.

    Осылайша, футболдан Франция біріншілігінің 20-турында сенсациялық нәтиже тіркелді.

    Айта кетейік, "ПСЖ" жартылай қорғаушысы Марко Вератти 59-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

    Сонымен қатар түнде "Аяччо" - "Лион" арасында матч өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есеп 0:2. Гол авторлары: Жоанн Лепенан, Александр Ляказетт.

    Қазіргі уақытта "ПСЖ" турнирлік кестеде 48 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға "Ланс" жайғасқан (45 ұпай). Үшінші сатыда 43 ұпайы бар "Марсель". Ал "Лион" 28 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

    "ПСЖ" мен "Реймс" арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.