jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Маккенни Англия біріншілігінде доп тебетін болды

    Маккенни
    Маккенни келісімшартқа қол қоюда. Фото: leedsunited.com

    АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни туриндік "Ювентус" сапынан "Лидс" клубына ауысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл ақпаратты "Лидс" футбол клубының баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында растады.

    Келісімшартта жартылай қорғаушының Англия біріншілігінде маусымның соңына дейін өнер көрсететіні жазылған.

    Сонымен қатар "Лидс" клубы АҚШ құрамасының ойыншысын туриндік ұжымнан сатып ала алады.

    24 жастағы жартылай қорғаушы жаңа командада 28-нөмірмен ойнамақ.

    Еске сала кетейік, Уэстон Маккенни осы маусымда футболдан Италия біріншілігінде 15 матчқа қатысып, 1 голың авторы атанды. Бұдан бөлек ол Катарда өткен Әлем чемпионатында АҚШ құрамасымен бірге турнирдің плей-офф кезеңіне дейін барды.

    Маккенни Англия біріншілігінде доп тебетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.