jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Португалия құрамасының атақты ойыншысы "Бавария" сапына ауысты (фото)

    Канселу
    Канселу көлікте. Фото: Twitter/FC Bayern München

    Португалия құрамасының қорғаушысы Жоау Канселу "Манчестер Сити" сапынан "Баварияға" ауысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл ақпаратты "Бавария" футбол клубының баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында растады.

    Келісімшартта қорғаушының Германия біріншілігінде маусымның соңына дейін өнер көрсететіні жазылған. Яғни мюнхендік клуб 28 жастағы футболшыны жалға алып отыр.

    Сонымен қатар құжатта "Бавария" Португалия құрамасының ойыншысын "Манчестер Ситиден" сатып ала алатыны көрсетілген.

    Жоау Канселу мюнхендік клубта 22-нөмірмен ойнайтын болды.

    Еске сала кетейік, Жоау Канселу осы маусымда "Манчестер Сити" сапында 26 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

    Сонымен қатар қорғаушы Португалия құрамасымен бірге Катардағы Әлем чемпионатының ширек финалына дейін барды.

    Португалия құрамасының атақты ойыншысы "Бавария" сапына ауысты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.