jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгия және Испаниямен ойнайтын болды

    футбол
    Жастар құрамасы. Фото: ҚФФ

    Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасында 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

    Қазақстан жастар құрамасы Испания, Бельгия, Шотландия, Венгрия және Мальта командаларымен В тобына бірге түсті. 

    Іріктеу ойындары 2023 жылдың наурызынан басталып, 2024 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Топ жеңімпаздары мен екінші орын иегерлерінің арасынан үздік үш команда (алтыншы орын алған командалардың нәтижелері саналмайды) финалдық кезеңге бірден шығады.

    Екінші орын алған қалған алты команда 2024 жылдың қарашасында өтпелі ойындар арқылы соңғы үш жолдаманы сарапқа салады. 

    Еуро-2025 финалдық кезеңі Словакияда өтеді. 

    Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгия және Испаниямен ойнайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.