jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Бенземаның нәтижелі екі пасы "Реал Мадридке" жеңіс сыйлады

    Карим Бензема
    Карим Бензема. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

    Түнде Испания біріншілігінің кезекті турының матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Реал Мадрид" өз алаңында "Валенсия" клубын қабылдады. "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта Карло Анчелоттидің шәкірттері жеңіске жетті. Есеп: 2:0. Гол авторлары: Марко Асенсио, Винисиус Жуниор.

    Кездесудегі екі доптың соғылуына өткен маусымдағы "Алтын доптың" иегері Карим Бензема мұрындық болды.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта турнирлік кестеде 50 ұпаймен "Барселона" көш бастап тұр. "Реал Мадрид" 45 ұпаймен екінші орында келеді.

    Бенземаның нәтижелі екі пасы "Реал Мадридке" жеңіс сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.