jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық төрешілер VAR бойынша семинарға қатысты

    футбол
    Фото: ҚФФ

    Қазақстан футбол федерациясы Төрелік ету және қадағалау департаменті ФИФА төрешілер комитетінің қолдауымен қазақстандық төрешілер үшін VAR жүйесі бойынша онлайн семинар өткізіп жатыр, деп жазады Қазақстанның футбол федерациясы.

    Семинар 5 ақпанға дейін жалғасады, оған Премьер-лиганың 25 бас төрешісі мен 28 көмекшісі, сондай-ақ Бірінші лиганың 8 бас төрешісі мен 25 көмекшісі қатысуда. Семинардың жүргізушісі – ФИФА нұсқаушысы Фархад Абдуллаев.

    Оқу бағдарламасы Қатарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатын негізге ала отырып, төрешіліктегі барлық заманауи трендтерді қамтиды. Сондай-ақ "Пенальти шешімдері", "Тактикалық тәртіпсіздіктер және допқа талас", "Оффсайд", "Доппен жұмыс істеу" және "VAR-дың араласу шекарасы" сияқты қызу тақырыптар талқыланады.

    Қазақстандық төрешілер VAR бойынша семинарға қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.