Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вест Хэм" - "Челси": Айдын Қожахметтің ұсынған болжамы

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Лондон дербиі. Бұл сөздер кім кіммен ойнайтынына қарамастан қызықты естіледі. "Балғамен соғушылар" турнир кестесінің төменгі жағында, ал "Челси" тек 9-орында тұрса де, бұл командалардың кездесуін қызықсыз деп санауға болмайды.

Белгілі қазақстандық журналист және футбол жөніндегі маманы Айдын Қожахмет енді Parimatch-тың ресми сарапшысы болды және сіздерді топ-матчтарға арналған болжамдармен қуантады. Оның инсайттары Kazsport телеарнасынан жиі естіледі, ТМД аумағындағы жетекші спорттық басылымдарда дәйексөздері жиі келтіріліп отырады. Сонымен қатар, Айдын Кozhakhmet inside атты telegram-арнасын жүргізеді, онда Қазақстан және әлем чемпионаттары туралы өз ойларымен және әсерлерімен бөлісіп жүр.

"Вест Хэм"

Дэвид Мойестің тәлімгерлері біздің ойымыз үйреніп қалған, жауынгерлік қасиеттері бар мықты команда болып табылады. "Балғалылардың" көшбасшылары Деклан Райс, Майкл Антонио, Лукас Пакета және Джанлукка Скамакка дайындығы мықты және матчтарда ойын көрсете алатын болса, онда олар жұртты таң қалдыра алады деп айтуға болады. Бүгінгі күні "Вест Хэм" құрамы тұрақтандырылды (Скамакка жарақатынан әлі де айықпаған), бұл деген Лондондағы көршілерді әсерлі қарсы алу күтіп тұрғанын білдіреді.

Бұл қаншалықты клишеге ұқсаса да, бірақ алаң иелерінің қорғаушылары Курт Зума мен Эмерсон үшін бұл кездесу өте маңызды, өйткені екеуі де бір кездері "ақсүйектер" үшін ойын жүргізген болатын. Алайда Зума өз командасына көмектесе алмайтын көрінеді, өйткені ол ойында алған жарақатын емдеуде. Бірақ киім ауыстыратын бөлмеде ол әріптестерінің жеңіске деген үмітін арттыруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Соңғы турда "Вест Хэм" көшбасшылар аймағында келе жатқан "Ньюкаслмен" тең ойын өткізді. Бұл Ист-энд жігіттеріне қалалық дербиге қосымша сенімділік беруі керек.

"Челси"

Қаңтар айында бұл клубтың атауы қымбат трансферлердің көптігіне байланысты жаңалықтар арналарында жиі шығып тұрды. "Челсидің" жаңа иелері құрамды нығайтуға бірнеше миллион фунт стерлинг жұмсады. Бірақ әзірге ол жағдай дивидендтер әкеліп отырған жоқ.

"Челси" соңғы екі матчты голсыз тең аяқтады. Бұл жағдай команданың шабуылдаушы тобының қоржынына салынған пайда деп айту екіталай. Зиеш, Гаверц, Маунт, Стерлинг және жақында олардың қатарына жаңадан қосылған Мудрик голдарды жаудыру үшін барын салып жатыр, бірақ әзірге олардың қолынан айтарлықтай ештеңе келіп жатқан жоқ. Грэм Поттер командасында жарақат алғандар мен ойыннан шығарылғандар көп болып отыр.

"Ақсүйектер" сәтті өткен матчтарды сәтсіздіктермен алмастырып отыр, бұл олардың ойынында тұрақтылықтың жоқтығын анық көрсетеді.

Жеке кездесулер тарихы

Аталған клубтардың соңғы жылдардағы бетпе-бет кездесулері, әрине, "Челсидің" пайдасына аяқталады. Бірақ "Вест Хэм" алаңындағы соңғы бес матчта жеңісті үш рет "балғалылар" атап өткенін айта кету керек. "Ақсүйектер" алаңындағы соңғы дерби 2: 1 есебімен "Челсидің" пайдасына шешілді.

Матчқа болжам

Соңғы уақытта екі командаға да гол соғу қиынға түссе де, мен бұл матчта екі клуб та гол соғады деп айтуға тәуекел етемін. Parimatch-тағы достарым бұл нәтижені 1.91 коэффициентімен бағалайды. Бұл, менің ойымша, өте жомарт әрекет.

Неге екенін түсіндіре кетейін: біріншіден, "Вест Хэм" алаңында осы командалар арасындағы матчтар жиі нәтижелі аяқталады. Екіншіден, олар барын салып бір таңқалдыратын нәтижелі ойын көрсетуі тиіс! Алаң иелерінің қорғанысы Дэвид Мойес қалағандай мықты болып тұрған жоқ. "Челси" шабуылындағы бейберекеттік мәселесі де шешілуі керек. Осы сенбіде "Лондон Стэдиумда" айтылған жағдайлардың орындалмауына кім кепіл?

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Вест Хэм" - 3.30, Тең Ойын - 3.30," Челси " - 2.25

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008606-vest-xem-celsi-aidyn-qozaxmettin-usyngan-bolzamy/