jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан кубогы қашан басталады

    жасыл алаң
    Көрнекі фото: pexels.com

    15 наурызда Шымкент қаласында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының бастапқы кезеңі өтеді. Аталмыш кезеңде Бірінші және Екінші лигалардың 16 өкілі негізгі кезеңге қатысуға мүмкіндік беретін екі жолдама үшін таласады, деп хабарлайды Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы.

    Бастапқы кезеңде 16 команда 4 топқа бөлінеді. Топтардың жеңімпаздары плей-офф кезеңінде бір-бірімен кездесіп, жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатына қатысушы 14 командаға қосылатын екі клубты анықтайды.

    2023 жылғы маусымда Кубоктың бастапқы кезеңіне келесі командалар қатысады:

    • "Оңтүстік Академиясы" (Шымкент), "
    • Ақжайық" (Орал),
    • "Алтай" (Өскемен),
    • "Арыс" (Арыс),
    • "Елімай" (Семей),
    • "Жас Қыран" (Алматы),
    • "Жетісай" (Жетісай),
    • "Жеңіс" (Астана),
    • "Қыран" (Түркістан облысы),
    • "Тараз" (Тараз),
    • "Тұран" (Түркістан),
    • "Ұлытау" (Жезқазған),
    • "Хан Тәңірі" (Алматы),
    • "Яссы" (Түркістан),
    • "AKAS" (Алматы),
    • "SD Family" (Астана).

    Қазақстан OLIMPBET-Кубогының бастапқы және негізгі кезеңдерінің жеребесі 13 ақпанда тартылады.

    Футболдан Қазақстан кубогы қашан басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.