Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аустрия құрамасының бұрынғы футболшысын көшеде атып кетті

Опубликовано:

Футболшы
Фото: "Аустрия" футбол клубының ресми сайты

Аустрия құрамасының бұрынғы футболшысы Волкан Кахраманды Вена қаласындағы көшелердің бірінде атып кетті. Соның салдарынан спортшы қаза тапты, деп хабарлайды Mirror.

Қайғылы оқиға сәрсенбі, 8 ақпан күні таңертең Венадағы бардың жанында болды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40 шамасында келді, алайда бұрынғы футболшыны құтқара алған жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Волкан Кахраман "Аустрия", "Эксельсиор" секілді клубтарда доп тепкен. Сонымен қатар футболдан Аустрия құрамасында да өнер көрсетті. Ол 2009 жылы мансабын аяқтап, бапкерлік қызмет атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008903-austriya-quramasynyn-buryngy-futbolsysyn-kosede-atyp-ketti/

pixel