Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челси" сапында доп тепкен ресейлік ойыншы мансабын аяқтады

Опубликовано:

футболшы
Юрий Жирков. Фото: "Зенит" футбол клубының ресми сайты/Вячеслав Евдокимов

Футболдан Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Зенит" футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Сізге клуб сапындағы 127 матч, бес гол, 17 нәтижелі пас, үш чемпиондық атақ, екі кубок, үш Ресей Суперкубогы және шексіз әдемі сәттер үшін алғыс айтамыз!

Барлығы үшін алғыс, Юрий Валентинович! Барлығы үшін рақмет, Ресей футболының аңызы!" - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Юрий Жирков 1983 жылы 20 тамызда Ресейдің Тамбов қаласында өмірге келген.

Жартылай қорғаушы мансабында "Зенит", "Динамо", "Челси", "Анжи", "Химки" секілді клубтарда доп тепкен. Сонымен қатар ол футболдан Ресей құрамасы сапында 105 матч өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009157-celsi-sapynda-dop-tepken-reseilik-oiynsy-mansabyn-ayaqtady/