Англия біріншілігінің үздік сұрмергені Эрлинг Холанд жарақат алып қалды
Опубликовано:

"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холанд жарақат алып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Норвегиялық шабуылшы "Астон-Вилаға" қарсы кездесудің алғашқы таймында он санынан жарақат алды. Оны матчтың екінші жартысында Хулиан Альварес алмастырды.
Эрлинг Холандтың 15 ақпан күні "Арсеналға" қарсы ойынға қатысу-қатыспауы белгісіз.
Қазіргі уақытта шабуылшы медициналық тексерістен өтуде.
Айта кетейік, Эрлинг Холанд қазіргі уақыттағы Англия біріншілігінің үздік сұрмергені. Ол 21 ойында 25 гол соққан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009162-angliyanyn-uzdik-surmergeni-erling-xoland-zaraqat-alyp-qaldy/