jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Месси, Мбаппе бастаған париждік клуб "Бавариядан" жеңіліп қалды

    Месси мен Неймар
    Месси мен Неймар жасыл алаңда. Фото: Twitter/UEFA Champions League

    Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчтары басталды. "ПСЖ" өз алаңында мюнхендік "Баварияны" қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Парк де Пренс" стадионында өткен ойында "Бавария" жеңіске жетті. Есеп 0:1. Матчтағы жалғыз гол Кингсли Команның еншісіне жазылды. Жартылай қорғаушы 53-минутта мергендігімен көзге түсті. Оған әріптесі Альфонсо Дэвис нәтижелі пас берді.

    Енді жауапты матч 9 наурыз күні Германияда өтеді.

    Айта кетейік, жарақатынан жақында ғана айыққан "ПСЖ" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе алаңға ойынның екінші жартысынан қосылды. Ал Лионель Месси мен Неймар алғашқы минуттан бой көрсетті.

    Месси, Мбаппе бастаған париждік клуб "Бавариядан" жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.