"ПСЖ" клубының жартылай қорғаушысы Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты
Опубликовано:

"ПСЖ" жартылай қорғаушысы Варрен Заир-Эмри Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчтары басталғаны белгілі. Париждік "ПСЖ" өз алаңында мюнхендік "Баварияны" қабылдап, 0:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.
Аталған кездесуде алғашқы минуттан бастап франциялық жартылай қорғаушы Варрен Заир-Эмри шығып, Чемпиондар лигасындағы жаңа рекордты тіркеді.
Ол турнирдің плей-офф кезеңінде негізгі құрамда өнер көрсеткен ең жас футболшы ретінде тарихта қалып отыр.
Бұл көрсеткішке "ПСЖ" жартылай қорғаушысы 16 жас 343 күнде қол жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009471-psz-klubynyn-zartylai-qorgausysy-cempiondar-ligasynda-zana-rekord-ornatty/