Гана құрамасының және "Хатайспор" клубының ойыншысы Кристиан Атсу Түркиядағы қиранды астында көз жұмды. 30 жастағы ойыншының қазасы туралы оның менеджері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
6 ақпаннан бері ганалық футболшыны іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілген болатын. Өкінішке қарай, танымал ойыншының денесі табылды. Бұл туралы оның менеджері Мұрат Ұзынмехмет мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, Кристиан Атсудың денесі табылды", - деп жазды ол.
Айта кетелік, Кристиан Атсу Кахраманмараштағы Антакья аумағында өзі тұрған үйдің қирандысынан табылды.
Кристиан Атсу былтырдан бері "Хатайспорда" доп тепкен.
Сондай-ақ ол "Порту", "Риу Аве", "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", "Витесс" және "Малага" командаларында өнер көрсетті.
Гана құрамасы сапында 60 ойын өткізіп, 10 гол соққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009944-celsidin-buryngy-oiynsysy-turkiyadagy-qirandy-astynda-qaza-tapty/