jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының ойыншысы "Барселона" қақпасына гол соқты (видео)

    Көрнекі
    Фото: instagram.com/kazfutsal

    Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан "Барселона" қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Футзалдан Испания біріншілігінің 20-турында мургиялық "Эль-Посо" мен "Барселона" кездесті. Тартысты өткен матчта "Эль-Посо" 3:2 есебімен жеңіске жетті.

    Аталған ойында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан мергендігімен көзге түсіп, мургиялық ұжымның жеңіске жетуіне мұрындық болды.

    Айта кетейік, 20-турдан кейін Испания біріншілігінде "Барселона" 49 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Эль-Посо" қазіргі уақытта төртінші орында келеді. Қазақстандық ойыншы өнер көрсететін клубтың еншісіне 39 ұпай бар.

    Қазақстан құрамасының ойыншысы "Барселона" қақпасына гол соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.