Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоттенхэм" - "Челси": Айдын Қожахмет лондондық клубтардың кездесуіне өз болжамын ұсынды

Опубликовано:

Эксперт Parimatch Айдын Кожахмет
Фото: Parimatch

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет ағылшын премьер-лигасының алдағы ойынына өз болжамын бөлісті.

"Лондон дербиі" әсіресе үлкен клубтар кездескен кезде ерекше қызықты әрі әсерлі болып естіледі. "Тоттенхэм" мен "Челси" еш күмәнсіз сондай клубтардың қатарында екені анық. Олардың арасындағы матчтар қашан да көпшілік назарын аударарлық деңгейде өтеді.

"Тоттенхэм"

Антонио Контенің шәкірттері өткен турда Лондоннан келген көршілері "Вест Хэмді" қабылдаған болатын, ол кездесу "шпорлардың" пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Италиялық жаттықтырушы ақыры шабуылды жасайтын ойыншыларды таңдау мүмкіндігіне ие болды және енді ол шабуылшылардың кез келген комбинациясын қолдана алады: Кейннің дайындығы жоғары деңгейді, ал Сон Хын Мин, Ришарлисон, Кулусевски, Данжума және Лукас Моура ойында команданың шабуылшыларына арналған қалған екі орын үшін бәсекелесуге дайын.

Әрине, негізгі қақпашы Уго Льорис пен басты жартылай қорғаушысы Родриго Бентанкурдың ойынға қатыса алмайтыны көңіл-күйді түсіреді, бірақ оларды алмастыру тұрғысынан Фрейзер Форстер мен Оливер Скипп жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

"Челси"

"Челси" жаттықтырушысының тегі туралы әзіл айтудан жалықтық, десе де Грэм Поттердің осы жолы сиқырлы таяқшасыз немесе дуаларсыз жолы болмайтын сыңайлы. Кейде "ақсүйектердің" Миланмен өткен матчтағыдай ойындарда жолы болмай қалып жатады. Бұл сәтсіздіктерді қандай да бір сиқырлы күштің көмегімен алып тастаса дұрыс болар еді деген ойлар да келеді.

Бірақ біздің әлемде сиқырға орын жоқ, сондықтан "Челсиге" тек көп жұмыс істеп, күндердің күнінде командадағы жағдай тұрақтанады, қоржындағы ұпайлар саны көбейеді деген мақсатты ұстану ғана қалады. Осы уақытта лондондықтар соңғы бес матчта жеңіске жете алмай келеді, тіпті соңғы турда өз алаңында чемпионаттың аутсайдері -"Саутгемптонға" жол беріп қойды.

Жеке кездесулер тарихы

"Тоттенхэм" 4-орында, ал "Челси" 10-орында тұрған турнир кестесіне қарап, "шпорлар" соңғы рет 2019 жылы "ақсүйектерді" жеңді деп айту қиынға соғады! Айта кету керек, сол 4 жыл бұрын өткен матчта соғылған жалғыз допты Харри Кейн өз есебіне жазған еді.

Матчқа болжам

"Екі команданың да жағдайын ескере отырып, мен сіздерге матчқа ұтыс тігудің жақсы нұсқасын таптым. Parimatch-тегі достарым бұл оқиғаны 1.83-коэффициентімен бағалайды. Сонымен, мен мынадай ұтыс тігуді ұсынамын – Ж1 Ф(0)", - деп сөлісті сарапшы.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне мынадай болжам жасайды:

"Тоттенхэм" - 2.55, тең ойын – 3.30," Челси " - 2.8

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010595-tottenxem-celsi-aidyn-qozaxmet-londondyq-klubtardyn-kezdesuine-oz-bolzamyn-usyndy/