jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "ПСЖ" футбол клубының атақты ойыншысы бойжеткенге "зорлық жасады" деген күдікке ілінді

    Ашраф Хакими
    Ашраф Хакими жаттығу кезінде. Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

    "Пари Сен-Жермен" клубы мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими бойжеткенге зорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Аталған жайт туралы Le Parisien басылымы жазған.

    Басылымның мәліметінше, жексенбі күні 24 жастағы бойжеткен полицияға Хакимидің үстінен арыз түсірген. Онда ол футболшымен әлеуметтік желіде танысқанын жеткізген.

    Сонымен қатар бойжеткеннің мәлімдемесінде 25 ақпан күні Хакими таксиге тапсырыс беріп, оны үйіне шақырғаны жазылған.

    Бойжеткен футбол жұлдызы өзінің қарсылық танытуына қарамастан, зорлық көрсеткенін жеткізген. Сонымен бірге ол футболшыны итеріп жіберіп, досына алып кетуін өтініп, хабарлама жібергенін айтты, деп жазады басылым.

    Айта кету керек, басылым бұл даулы іске қатысты бойжеткен тәртіп сақшыларына арыз түсіргісі келмегенін, алайда жәбірленушінің айғақтары негізінде прокуратура тексеру жұмыстарын бастап кеткенін жеткізген.

    "ПСЖ" футбол клубының атақты ойыншысы бойжеткенге "зорлық жасады" деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.