jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ұзақ үзілістен кейін Бауыржан Исламханның қай клубта доп тебетіні белгілі болды

    Бауыржан Исламхан жасыл алаңда
    Бауыржан Исламхан Өзбекстанға қарсы матчта. Фото: ҚФФ

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан шымкенттік "Ордабасы" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жартылай футболшының шымкенттік ұжым сапында доп тебетінін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы растады.

    "Ордабасы" Бауыржан Исламханды қатарына қосу үшін Біріккен Араб Әмірлігінің "Әл-Айн" клубынан рұқсаты қажет еді. Тиісті қағаздың біршама уақытқа кешіктірілгені басылым беттерінде жазылды.

    Нәтижесінде аталған рұқсат алынып, жартылай қорғаушыға шымкенттік ұжым сапына қосылуға мүмкіндік туды.

    Айта кетейік, 2020 жылы Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" сапында допинг дауына ілініп, екі жылға үлкен спорттан шеттетілді.

    Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны өткен жылы қараша айында Өзбекстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

    Ұзақ үзілістен кейін Бауыржан Исламханның қай клубта доп тебетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.