Футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры Тимур Сегізбаевқа арналады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.
Футболшы ретінде Тимур Сегізбаев 19 жасында КСРО чемпионатында дебют жасап, "Қайрат" сапында өнер көрсетті.
1963 жылы Одақ Кубогының жартылай финалына шыққаны үшін "КСРО спорт шебері" атағын алды. 6 жыл қатарынан команда капитаны болды.
Мансабын аяқтағаннан кейін ол "Автомобилист" (Қызылорда), "Шахтер" (Қарағанды), "Қайрат" (Алматы), "Мелиоратор" (Қызылорда) клубтары мен Йемен құрамасында бапкер қызметін атқарды.
1989 жылдан бастап 2001 жылға дейін еліміздің футбол федерациясының вице-президенті, бас хатшысы және президенті болып қызмет атқарды.
2014 жылы "Қайрат" футбол клубының жасөспірімдер академиясына Сегізбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды.
2017 жылдың 15 желтоқсанында Тимур Сегізбаев өмірден өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011618-futboldan-qazaqstan-cempionatynyn-algasqy-tury-timur-segizbaevqa-arnalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.