jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Чемпиондар лигасы: "Манчестер Сити" қарсыласын ойсырата ұтты

    Эрлинг Холанд
    Эрлинг Холанд жасыл алаңда. Фото: Twitter/UEFA Champions League

    Түнде футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. Нәтижесінде "Манчестер Сити" мен "Интер" турнирдің келесі айналымына жолдама алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Манчестер Сити" өз алаңында "Лейпциг" клубын қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Эрлинг Холанд (пента-трик), Илкай Гюндоган, Кевин де Брюйне.

    Қос команда арасындағы алғашқы ойында тең есеп тіркелген еді.

    Осылайша, Пеп Гвардиоланың шәкірттері Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алып отыр.

    Ал "Порту" мен "Интер" арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Нәтижесінде миландық клуб өз алаңындағы жеңісінің арқасында турнирдің келесі кезеңіне шықты.

    Чемпиондар лигасы: "Манчестер Сити" қарсыласын ойсырата ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.