Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" - "Ливерпуль": Айдын Қожахметтің матчқа қатысты болжамы

Жарияланған күні:

Айдын Кожахмет
Фото: Parimatch

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алда "Реал Мадрид" пен "Ливерпуль" арасында өтетін кездесуге болжам жасады.

Айдын Қожахметтің айтуынша, "Реал" қарсылас алаңындағы бірінші кездесуде үлкен жеңісті қанжығасына байлағандықтан, бұл жекпе-жек жай ғана формалды түрде өтпейді.

"Алайда, бірнеше жыл бұрын "Ливерпуль" қақпасына "Барселонадан" 3 гол жіберіп алып, содан кейін жауап матчында үлкен камбэк жасаған кезіне ұқсас жағдайды ескеретін болсақ, әлі де болса бір ғажайып болады деп сенгім келеді", - дейді ол.

Десе де, Айдын Қожахмет алдағы мачтың қалай болатынын болжап көрді.

"Реал"

Өткен жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы биыл да кубокты иемденуге ниетті. Чемпионатта "кілегейлілердің" жағдайы ойдағыдай қалыптасып жатқан жоқ, ал олардың қас жаулары "Барселона" командасы турнир кестесінде олардан алыстап кетті. Алайда, бұл турнирде мадридтіктер табысқа жетудің құпиясын жақсы зерттеген сияқты.

"Энфилдте" Карло Анчелоттидің командасы әдемі ойын көрсетіп, "Ливерпульдің" қорғанысын ойсырата бұза алды. Бұл жолы оларға дәл сол сияқты күш салудың қажеттілігі туындамауы мүмкін. Тіпті жаттықтырушы көшбасшылардың біріне демалуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Тіпті қорғаушы Дэвид Алаба бұрын алған жарақатына байланысты, ойынға қатыспайтыны анық болып отыр.

"Ливерпуль"

Юрген Клопп командасының ерлік жасауға қабілеті бар. Ол үшін көп жағдай сәйкес келуі керек. Мысалы, барлық футболшы жаттықтырушыға қолжетімді және жақсы күйде болуы үшін, киім ауыстыратын бөлменің ішіндегі атмосфера керемет болуы, ал қарсыласы олардан мықты болып көрінбеуі тиіс. Алайда, қазіргі қалыптасқан жағдайда айтылғандардың ешқайсысы "Ливерпульдің" пайдасына сәйкес келіп тұрған жоқ: маусым мерсисайдтар үшін сәтті өтіп жатыр деп айтуға болмайды, жарақат алғандар көп. Гомес, Диас, Тьаго Алькантара және Кейта лазаретте. "Реалмен" ойындағы айырмашылық бірінші матчтың өзінде-ақ сезілді. Бірақ, "Ливерпуль" деген атағы бар екенін ұмытпаған жөн, ал бұл жігіттер жеңісті оңай беріп қойып, қарап отырмайтыны анық.

Жеке кездесулер тарихы

"Ливерпульге" Мадридтен асқан ыңғайсыз қарсылас табу екіталай. Англия клубы "кілегейлілерді" соңғы рет сонау 2009 жылы жеңген болатын, содан бері олар алаңда 7 рет бас түйістіріп, әрең дегенде бір рет тең нәтижеге қол жеткізді. Қалған кездесулерде "Реал" билік етіп, жеңісті қанжығасына байлап отырған. Осы аралықтағы екі кездесу Чемпиондар Лигасының финалында өткен болатын! Бір сөзбен айтқанда, "Ливерпуль" бұл клубқа тіс қайрап жүргені анық!

Матчқа болжам

Іске асуы екіталай оқиғаға қандай да бір үміт артамын деген құлшынысыма қарамастан, "Реал" өзінікін бұл жолы да жіберіп алмайды деген ойдамын. Маған Ж1 Ф(0) ұтыс тігу нұсқасы ұнайды. Менің Parimatch-тегі серіктестерім бұл оқиғаны жомарт 1.72 коэффициентімен бағалаған.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне төмендегідей болжам жасайды:

«Реал Мадрид» - 2.44, Тең ойын - 4.00, «Ливерпуль» - 2.65

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013035-real-madrid-liverpul-aidyn-qozaxmettin-matcqa-qatysty-bolzamy/