Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Словениямен болатын ойын қарсаңындағы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.
"Жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Нәтиже қалай болатынын ойыннан кейін көреміз. Пойыздың алдына түсіп, жүгірмей-ақ қояйын. Мүмкіндік келсе, өзімнің ұлттық құрамадағы алғашқы голымды салғым келеді. Дегенмен, құрамадағы жігіттердің қай-қайсы болсын гол соқса қуанамыз.
Өз алаңымызда ойнап жатқасын қарсыластарға барынша шабуылдап, Ян Облактың көңіл күйін түсіріп, көптеп гол салуға тырысамыз. Сосын шабуыл шебінде ойнайтын жігіттерге барынша гол соғуына мүмкіндік жасаймыз", - деді Асхат Тағыберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013815-algasqy-golymdy-salgym-keledi-asxat-tagybergen-sloveniyamen-bolatyn-oiyn-turaly/