jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Барлық қыздың арманы": Қазақ футболшысы Париж төрінде сүйіктісіне естен кетпес ұсыныс жасады (видео)

    Дінмұхамед Қашкен мен Мерей Әбілова Париж төрінде
    Дінмұхамед Қашкен мен Мерей Әбілова: instagram/abilovva_m

    Еуропадағы беделді клубтардың базасында тәрбиеленген футболшы Дінмұхаммед Қашкен сүйіктісі Мерейге Париж төрінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өміріндегі ерекше толқынысты сәтті танымал блогер Мерей Әбілова жеке парақшасында жариялады.

    "Мен "Иә" дедім. Барлығы ертегідегідей өтті. Барлық қызға жұғысты болсын!", - деп жазды Мерей желідегі парақшасында.

    Дінмұхаммед сүйіктісіне әйгілі Эйфель мұнарасының маңында сөз салған. Романтикалық сәттің видеосын көрген желі қолданушылары екі жасқа баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеуде.

    "Барлық қыздың арманы - Париж емес, футболшыға тұрмысқа шығу", "Жұғысты болсын!", "Бақытты болыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.

    "Барлық қыздың арманы": Қазақ футболшысы Париж төрінде сүйіктісіне естен кетпес ұсыныс жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.