jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан добын УЕФА үздік голдар қатарына қосты

    Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы үздік голды анықтау үшін сауалнама жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

    Турдың үздік голына үміттілер қатарында Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соғылған голы да бар.

    Қазақстан құрамасының капитаны алыстан Каспер Шмейхель қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірген болатын.

    Оның негізгі қарсыластары - Букайо Сака (Англия), Андрей Буркэ (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь).

    Футбол жанкүйерлері өз дауысын УЕФА-ның ресми сайтында бере алады.

    Айта кетелік, Қазақстан командасы Данияны өз алаңында 3:2 есебімен ұтты. Бұл Қазақстан құрамасының еуропалық клубтан төрт рет жеңілгеннен кейін алғаш рет есе қайтаруы екенін еске саламыз.

    Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан добын УЕФА үздік голдар қатарына қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.