jitsu gif
Спорт

    Футболдан Әлем чемпионатына қатысқан ойыншы қазақстандық клубқа ауысты

    Футболшы
    Фото: "Ақтөбе" футбол клубының ресми сайты

    "Ақтөбе" футбол клубы команда сапында жаңа ойыншының қосылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Ақтөбе" футбол клубы ивуарлық жартылай қорғаушы Андерсон Догболе Ньянгбомен келісім-шартқа отырғанын хабарлайды.

    23 жастағы жартылай қорғаушы Бельгияның Про-лигасында өнер көрсететін "Гент" футбол клубынан жалға ауысып келді. Өз елінде "Франк" деген атпен де танымал ол "Бассам" және "Абобо" клубтарында мансабын бастаған.

    2018 жылдан бастап аустриялық "Лиферинг", "Вольфсберг", "Штурм" мен "Ред Булл Зальцбург" клубтарының намысын қорғаған (16 гол, 11 нәтижелі пас). Кейінірек бельгиялық "Гент" сапына ауысқан (5 гол, 1 нәтижелі пас).

    Ойыншы Кот-д’Ивуар жастар құрамасының (U17) сапында әлем чемпионатына қатысып, Африка ұлттар Кубогін жеңген. Еурокубоктік матчтардың 20-дан астамында ойнаған", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық шабуылшы Матвей Герасимовтің "Арсенал" ойыншысы атанғанын жазған едік.

    Футболдан Әлем чемпионатына қатысқан ойыншы қазақстандық клубқа ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.