jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда ойнаған танымал қақпашының қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болды

    Сергей Литовченко алаңда
    Сергей Литовченко. Фото: instagram/litova1

    "Ақжайық" және "Мақтаарал" клубтарының намысын қорғаған украиналық Сергей Литовченконың қатерлі ісікке шалдыққаны анықталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Никита Черных есімді желі қолданушысы 35 жастағы қақпашыдан Ходжкин лимфомасы диагнозы қойылғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда спортшының ауыр химиотерапияны алуына қаражат жиналып жатыр.

    Қаражат көлемі үлкен болғандықтан, футболшылар қауымынан көмек сұрауға тура келген. Футболшының өзі де әлеуметтік желі арқылы ауруының асқынып бара жатқанын хабарлады.

    Литвоченко сырқатына байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері ешбір клубта ойнамайды.

    Ол 2021 жылғы маусымды "Ақжайықта", 2022 жылғы маусымды "Мақтааралда" өткізген.

    Қазақстанда ойнаған танымал қақпашының қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.