Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының футболшылары матч кезінде неге "төстартқыш" тағатынын түсіндірді

Опубликовано:

шабуылшы
Абат Айымбетовтің гол соққанына қуанған сәті. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушылары Асхат Тағыберген мен Аслан Дарабаев команда ойыншылары неліктен матч кезінде "төстартқыш" киетінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының Youtube желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Абат Айымбетов жейдесін шешіп еді, бәрі "төстартқыш" деп шыға келді. Жейденің артқы жағында датчик бар. Қанша жүгірдің, қанша тұрдың, қаншалықты қозғалыста болдың, соны есептейтін датчик. Оны алдай алмайсың. Жаттығудан соң, ойыннан кейін соны қарайды. Бұндай датчик көп командада бар", - деді Асхат Тағыберген мен Аслан Дарабаев.

Айта кетейік, Абат Айымбетов Данияға қарсы ойында жеңіс голын соққаннан соң, жейдесін шешіп, "сары" қағаз алды. Матчтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда шабуылшы алаңнан қуылды.

Еске сала кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Алдымен отандық футболшылар Словенияға (1:2) есе жіберсе, екінші турда Даниядан (3:2) басым түсіп, сенсация жасады.

Осыдан соң ұлттық команда Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015945-qazaqstan-quramasynyn-futbolsylary-nege-tostartqys-kietinin-tusindirdi/