Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бавария" футболшылары арасындағы төбелес: Клуб тиісті шешім қабылдады

Опубликовано:

Садьо Мане
Садьо Мане. Фото: fcbayern.com

"Бавария" футбол клубы Чемпиондар лигасының ширек финалынан кейін орын алған жанжалға қатысты тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Бавария" клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, сейсенбі күні Чемпиондар лигасының алғашқы матчында "Манчестер сити" өз алаңында "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты.

83-минутта Лерой Сане әріптесі Садио Маненің әрекетіне көңілі толмайтынын білдірген. Бұл сәт видеоға түсіп қалады. Белгілі болғандай, жанжал киім ауыстыратын бөлмеде жалғасын тапқан. Текетірес кезінде Мане Санеге шабуыл жасап, оған соққы жұмсаған.

Бұған қатысты "Бавария" клубының баспасөз қызметі пікір білдіріп, жанжалға қатысты тиісті шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оған сәйкес, Садио Мане Германия біріншілігінің кезекті турындағы "Хоффенхаймға" қарсы матчқа қатыспайтын болды.

Сонымен қатар Сенегал құрамасының шабуылшысына белгілі бір мөлшерде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016772-bavariya-futbolsylary-arasyndagy-tobeles-klub-tiisti-sesim-qabyldady/

pixel