jitsu gif
Спорт

    Олжас Абраев лауазымды қызметке тағайындалды

    Олжас Абраев
    Олжас Абраев. Фото: Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы

    Олжас Абраев Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президент лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

    "14 сәуір күні Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жиыны өтті. Басқару аппаратын күшейту мақсатында Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президент лауазымы енгізілді. Бұл қызметке Абраев Олжас Шәкенұлы тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін ҚФФ бас хатшысы міндетін атқарып келді.

    Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің шешімімен бас хатшы қызметіне Дудин Андрей Юрьевич бекітілді. Ол бұған дейін ҚФФ даму департаментінің директоры міндетін атқарып келді", - делінген хабарламада.

    Олжас Абраев лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.