jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қандай арманы бар екенін айтты

    Тренер Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев арманы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Магомед Адиевке Instagram stories-те оқырмандардың бірі "Сіздің футболдан тыс арманыңыз қандай?" деп сауал қойды.

    "Бапкерлік мансабымды аяқтаған соң медиаэфирден кетіп, өз үйімде жанұям мен жақындарымның ортасында тыныш өмір сүретін боламын. Бұл менің басты арманым", - деді ұлттық құраманың бас бапкері.

    Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Алдымен отандық футболшылар Словенияға (1:2) есе жіберсе, екінші турда Даниядан (3:2) басым түсіп, сенсация жасады.

    Осыдан соң ұлттық команда Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді.

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қандай арманы бар екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.