jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Чемпиондар лигасы: бүгін жартылай финалға шығатын екі клуб анықталмақ

    "Челси" мен "Реал" ойыншылары
    Чемпиондар лигасының ширек финалы. Фото: Twitter/Chelsea FC

    Бүгін Чемпиондар лигасының ширек финалының жауапты матчтары басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Лондондық "Челси" өз алаңында мадридтік "Реалды" қабылдайды. Қос клуб арасындағы алғашқы ойында карольдік ұжым 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Фрэнк Лэмпард пен Карло Анчелотти шәкірттерінің жауапты кездесуін қазақстандықтар Qazsport арнасынан көре алады. "Стэмфорд бридж" стадионында өтетін ойын Астана уақытымен 00:50-де басталмақ.

    Сонымен қатар түнде "Наполи" мен "Милан" арасындағы матч жоспарланған. Аталған ойынды Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

    Италиялық командалардың алғашқы кездесуі 1:0 есебімен "Миланның" пайдасына аяқталған.

    Чемпиондар лигасы: бүгін жартылай финалға шығатын екі клуб анықталмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.