jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстанда матчтан кейін футболшылар арасында жаппай төбелес болды

    Футбол
    Футболшы жарақат алды. Көрнекі фото: pixabay.com

    Футболдан Өзбекстан біріншілігінің кезекті турынан кейін "Бунедкор" мен "Насаф" ойыншылары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Өзбекстанның футбол қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қос клуб арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталып, матчтан соң "Бунедкор" мен "Насаф" ойыншылары жаға жартысты. Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

    Куәгерлердің сөзінше, жаппай төбелеске 40-50 адам қатысқан. Олардың арасында екі команданың футболшылары мен өкілдері бар.

    "Өзбекстанның футбол қауымдастығының тәртіптік комиссиясы Бунедкор" мен "Насаф" матчынан кейін екі команда өкілдері арасындағы жағдайды қарайды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта арнайы құрылған жұмыс тобы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    "Барлық ақпарат пен материал тәртіптік комиссияға беріледі. Кінәлілер анықталып, оларға шара қолданылады", - деді Өзбекстанның футбол қауымдастығы.

    Өзбекстанда матчтан кейін футболшылар арасында жаппай төбелес болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.