jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығатын барлық команда анықталады

    Эрлинг Холанд
    Эрлинг Холандтың гол соққан сәті. Фото: Twitter/Manchester City

    Бүгін Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығатын барлық команда анықталмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мюнхендік "Бавария" өз алаңында "Манчестер Ситиді" қабылдамақ. "Альян Аренада" өтетін ойынды қазақстандықтар Qazsport арнасынан көре алады. Матч 00.50-де басталады деп жоспарланып отыр.

    Қос клуб арасындағы алғашқы ойын 3:0 есебімен Гвардиоланың шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

    Аталған кездесуден соң "Бавария" ойыншылары Лерой Сане мен Садьо Мане төбелесіп қалды.

    Кейінірек мюнхендік команданың басшылығы жағдайға байланысты пікір білдіріп, тиісті шешім қабылдады.

    Сонымен қатар түнде "Интер" мен "Порту" жауапты матч өткізеді. Аталған ойынды Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Италиялық және португалиялық ұжым арасындағы алғашқы кездесу миландық клубтың пайдасына аяқталды (0:2)

    Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына "Реал Мадрид" пен "Милан" жолдама алған еді. Олар "Челси" мен "Наполи" клубын жарыс жолынан шығарды.

    Бүгін Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығатын барлық команда анықталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.