jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарсыласын қылғындыру тәсілімен құлатқан әйгілі Роналду төрешіден жазасын алды (видео)

    Роналду
    Роналду үш қорғаушының ортасында. Фото: Twitter/AlNassr FC

    Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайтын әйгілі Криштиану Роналду жасыл алаңда бейәдеп әрекетімен көзге түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сауд Арабиясы чемпионатының 25-туры аясында "Әл-Наср" сырт алаңда басты қарсыласы "Әл-Хилалмен" кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды.

    Екі голды де Одион Игило пенальти арқылы қақпаға енгізген. Ал матчтың басты жұлдызы - португалиялық Криштиану Роналду 57-минутта төрешіден сары қағаз алды.

    Ол қарсылас команданың колумбиялық ойыншысын мойнынан ұстап, жерге құлатқаны үшін жазаланған.

    Әлем жанкүйерлері Криштианудың алаңда күрес тәсілін қолданғанына қарап, оны UFC лигасына шақыруда.

    Қарсыласын қылғындыру тәсілімен құлатқан әйгілі Роналду төрешіден жазасын алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.