Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды

Опубликовано:

Холанд
Эрлинг Холанд жасыл алаңда. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына "Реал Мадрид" пен "Милан" жолдама алған еді. Олар "Челси" мен "Наполи" клубын жарыс жолынан шығарды.

Түнде "Манчестер Сити" мен "Бавария" тең ойнап (1-1), қос матчтың қорытындысы бойынша Хосеп Гвардиоланың шәкірттері келесі кезеңге жолдама алды.

Енді "Манчестер Сити" жартылай финалда "Реал Мадридпен" ойнайды.

Сонымен қатар турнирдің 1/2 финалында "Интер" мен "Милан" кездесетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017525-cempiondar-ligasynyn-zartylai-finalyna-syqqan-barlyq-komanda-anyqtaldy/

pixel