jitsu gif
Спорт

    Қазақстанға тұңғыш рет ФИФА президенті Джанни Инфантино келеді

    Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино
    Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино. Фото: kff.kz

    Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың шақыруымен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді.

    Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған. Былтыр күзде Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесу өткізіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарын талқылаған еді.

    Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы басшысының Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру алға қойылмақ.

    Джанни Инфантино үшін Халықаралық футбол федерациясының басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.

    Қазақстанға тұңғыш рет ФИФА президенті Джанни Инфантино келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.