
"Манчестер Сити" мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд футболдан Ағылшын біріншілігінде тағы бір рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Норвегиялық сұрмерген түнде Англия біріншілігінің кезекті турында мергендігімен көзге түсті. Бұл - Эрлинг Холандтың чемпионаттағы 35-голы.
Осылайша, шабуылшы АПЛ тарихындағы бір маусымда ең көп гол соққан ойыншы атанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін АПЛ-дың абсолюттік рекорды (34 гол) Энди Коул ("Ньюкасл", 1993-1994) және Алан Ширерге ("Блэкберн", 1994-1995) тиесілі еді. Олар бұл нәтижеге 42 турдан туратын біріншілікте қол жеткізген болатын. Қазіргі уақытта чемпионат 38 турдан тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019301-xoland-29-zyl-ozgermegen-rekordty-buzyp-tarixi-natizege-qol-zetkizdi/