jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбеге" қарсы ойында есін жоғалтқан алматылық футболшыға қатысты тың ақпарат шықты

    футболшы11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    "Қайрат" футбол клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев есін жиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айта кетейік, кеше, 14 мамырда футболдан Қазақстан біріншілігінің кезекті турында "Қайрат" пен "Ақтөбе" клубтары кездесті. Алматылық ұжымның пайдасына аяқталған ойынның сегізінші минутында Арсен Буранчиев "Ақтөбе" шабуылшысы Элдер Сантанамен допқа талас кезінде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.

    Бүгін жартылай қорғаушы есін жиған. Бұл ақпаратты "Қайрат" футбол клубының ресми сайты растады.

    "Арсен Буранчиев есін жиды. Біздің ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отыратын болады.

    Клубтың шешімімен Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалындағы "Қайрат" – "Атырау" матчына билеттерді сатудан түскен барлық қаражат Арсен Буранчиев пен оның отбасына аударылады", - делінген хабарламада.

    "Ақтөбеге" қарсы ойында есін жоғалтқан алматылық футболшыға қатысты тың ақпарат шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.