Чемпиондар лигасы: бүгін финалға шығатын алғашқы клуб анықталмақ
Опубликовано:
Бүгін Чемпиондар лигасы жартылай финалдың жауапты матчы басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Интер" Сан-Сиро стадионында "Милан" клубын қабылдайды. Матч Астана уақытымен 00.50-де басталады деп күтіліп отыр. Қазақстандықтар миландық дербиді Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.
"Милан" мен "Интер" арасындағы алғашқы матч Симоне Индзагидың шәкірттеріне пайдасына 0:2 есебімен аяқталған еді.
Сонымен қатар ертең, 17 мамырда "Манчестер Сити" мен "Реал Мадрид" арасындағы жауапты ойында Чемпиондар лигасының финалына жолдама алатын екінші команда анықталмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2020823-cempiondar-ligasy-bugin-finalga-sygatyn-algasqy-klub-anyqtalmaq/