jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Лига конференциясының ақтық мәресіне шыққан екі команда анықталды

    Жасыл алаң
    Көрнекі фото: pexels.com

    Футболдан лига конференциясының ақтық мәресіне шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Финалда италиялық "Фиорентина" мен ағылшындық "Вест Хэм" шеберлік байқасады.

    "Фиорентина" швейцариялық "Базельді", "Вест Хэм" нидерландтық "АЗ" клубын жарыс жолынан шығарды.

    Лига конференциясының ақтық мәресі 7 маусым күні Прага қаласында өтеді деп күтілуде.

    Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының және Лига конференциясының финалына италиялық клубтар жолдама алды.

    "Интер" Пеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Ситимен" ойнаса, "Рома" испаниялық "Севильямен" титулды сарапқа салады.

    Лига конференциясының ақтық мәресіне шыққан екі команда анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.