Италиялық командалар маусымды жақсы нәтижемен өткізді және өз еңбектерінің жемісін алуға дайын. "Интер" қоржынына кем дегенде тағы бір жеңіс қосып, треблды аңсауда. Ал "Фиорентина" - чемпиондық атақтарсыз 22 жылдық үзілісті тоқтатуға бел буып отыр. Сарапшылар қай команданы мықтырақ деп есептейтінін, осы мақаладан білетін боласыз.
"Интер"
"Интер" Чемпиондар Лигасындағы "өлім тобынан" шығу үшін барлық күшін салғанымен, "скудеттоны" алға жіберіп алды, бірақ А сериясында 3-ші орынды да лайықты нәтиже деп санауға болады. Тәуекел ақталды-миландықтар ең беделді Еуропа чемпионатының финалына шықты, оған қоса жол жөнекей Италия Суперкубогын да қанжығаларына байлап алды.
Алдағы матчқа Индзага шәкірттері "Наполиден" 1:3 есебімен жеңілісімен келеді. Алайда, бұл сәтсіздік бұрынырақ болған барлық турнирлердегі 8 жеңістер сериясы көрінісінде түкке тұрмайды деуге болады. "Нерадзурри" алдағы кездесудің фавориті болып саналады және осы маусымның треблына тек "Манчестер Сити" ғана лайық емес екенін бүкіл әлемге көрсетуге дайын.
Фиорентина
"Шегіргүлдер" ұзаққа созылған 22 жылдық дағдарыстан кейін басын көтеруде. Команда өзінің соңғы кубогын сонау 2000/01 жылдар маусымында қанжығасына байлаған, ол Италия кубогы еді. Сондықтан, "Интерді" жеңу, клубтың қайта өрлеуінің символдық бастамасы болуы мүмкін.
А сериясының ағымдағы маусымын команда 11-ші орынмен аяқтауда. Конференция лигасының финалына шығу маңызды жетістік, онда "Фиорентина" Еуропа Лигасына жолдама алу үшін "Вест Хэммен" шайқасатын болады. Италия Кубогындағы қақтығысқа "шегіргүлдер" 3 матчтан тұратын жеңіс сериясымен келеді.
Қызықты фактілер
- Италия кубогы аясындағы 13 жеке кездесудің нәтижелері бойынша қарсыластар 5 жеңістен алып, 3 рет тең нәтижемен тарқасқан.
- Екі клуб та бірнеше рет Кубокты жеңіп алған: "Фиорентина" 6 рет, "Интер" - 8.
- "Интер" соңғы 10 матчтың әрқайсысында гол соғып келеді.
- "Фиорентина" соңғы 4 ойында бірінші болып есеп ашқан.
Parimatch коэффициенттері:
Фиорентина - 4.00, тең ойын - 3.50, Интер - 2.00
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021911-inter-italiya-kubogynyn-finalyndagy-oz-treblyna-zetu-zolynda-segergulderdi-taptap-ketuge-daiyn/