jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Португалия құрамасы Сауд Арабиясында доп тебетін Роналдуға қатысты шешім қабылдады

    Роналду
    Роналду үш қорғаушының ортасында. Фото: Twitter/AlNassr FC

    Әлем футболының айтулы өкілдерінің бірі Криштиану Роналду Португалия құрамасына шақыртылды. Шабуылшы маусым айындағы матчтарға қатыспақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Португалия құрамасы маусым айында Еуропа чемпионатына іріктеу аясында екі матч өткізбек. Алдымен Криштиану Роналду бастаған ұжым Босния және Герцеговинамен ойнаса (17 маусым), содан соң Исландиямен шеберлік байқасады.

    Футболшылар тізімі:

    Қақпашылар:

    Диогу Кошта ("Порту"), Жозе Са ("Вулверхэмптон"), Руй Патрисиу ("Рома").

    Қорғаушылар:

    Диогу Далот ("Манчестер Юнайтед"), Нелсон Семеду ("Вулверхэмптон"), Жоау Канселу ("Бавария"), Рафаэл Геррейру ("Боруссия" Дортмунд), Пепе ("Порту"), Рубен Диаш ("Манчестер Сити"), Антониу Силва ("Бенфика"), Гонсалу Инасиу ("Спортинг"), Тоте Гомеш ("Вулверхэмптон").

    Жартылай қорғаушылар:

    Данилу Перейра (ПСЖ), Жоау Пальинья ("Фулхэм"), Рубен Невеш ("Вулверхэмптон"), Бернарду Силва ("Манчестер Сити"), Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед"), Отавио ("Порту"), Витинья (ПСЖ), Ренату Саншеш (ПСЖ), Рикарду Орта ("Брага"), Жоау Феликс ("Челси"), Диогу Жота ("Ливерпуль").

    Шабуылшылар:

    Криштиану Роналду ("Аль-Наср"), Гонсалу Рамуш ("Бенфика"), Рафаэл Леау ("Милан").

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Криштиану Роналду Сауд Арабиясында өнер көрсететін "Әл Наср" клубының капитаны. Эр-риядтық ұжым чемпионатта екінші орынға ие болып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

    Португалия құрамасы Сауд Арабиясында доп тебетін Роналдуға қатысты шешім қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.