jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Исламхан жоқ: Еуро-2024 іріктеу матчтары үшін Қазақстан құрамасына кімдер шақыртылды

    футболшы
    Исламхан Данияға қарсы ойында. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.

    Қақпашылар:

    Игорь Шацкий, Данил Устименко, Бекхан Шайзада.

    Қорғаушылар:

    Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Марат Быстров, Әлібек Қасым, Лев Скворцов, Ян Вороговский, Еркін Тапалов.

    Жартылай қорғаушылар:

    Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Асхат Тағыберген, Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кенесов, Бахтиер Зайнутдинов.

    Шабуылшылар:

    Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко,, Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді.

    Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны ел біріншілігінің кезекті турында жарақат алып қалған.

    Исламхан жоқ: Еуро-2024 іріктеу матчтары үшін Қазақстан құрамасына кімдер шақыртылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.