jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футзал клубының жаңа бапкері кім (фото)

    Футзал
    Көрнекі фото: pixabay.com

    "Қайрат" футзал клубына жаңа бас бапкер келді. Енді алматылық ұжымды Марлон Веласко жаттықтырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл ақпаратты алматылық клубтың баспасөз қызметі растады.

    "Марлон Веласко "Қайрат" футзaл командасының жаңа бас бапкері. Жаңа бапкермен келісімшарт "2+1" схемасы бойынша жасалды", - делінген хабарламада.

    Футзал маманы соңғы рет Испанияның жоғары дивизионындағы "Ноя Портус Апостоли" клубын жаттықтырған.

    Сонымен қатар Веласко "Пальма Футзал" клубында қызмет етті.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Рикардо Кака "Қайрат" футзал клубының бас бапкері қызметінен кеткен еді. Ол "Қайрат" футбол клубын 2018 жылдан бастап жаттықтырды. Каканың жетекшілігімен алматылық ұжым 242 матч өткізіп, оның 202-де жеңіске жеткен.

    Сонымен қатар ол бір рет "Қайратты" Чемпиондар лигасының финалына шығарды.

    "Қайрат" футзал клубының жаңа бапкері кім (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.