Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл өте қызық": Роналду Рамазан айындағы жаттығу уақытының өзгергеніне таңданыс білдірді

Опубликовано:

Роналду
Роналду. Фото: Twitter/AlNassr FC

Футболдан Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы қызық жайтқа тоқталды. Бұл туралы Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазір "Әл-Наср" клубында топ тебетін Криштиану Сауд Арабиясындағы өзін таң қалдырған жағдайды атады.

"Еуропада біз көбіне таңертең жаттығамыз. Ал мұнда күндіз, тіпті, кейде кешке де жаттығамыз. Рамазан басталған кезде біз кешкі сағат 22-де дайындалатынбыз. Бір-бірінен бөлек жағдай, бөлек естелік. Расында маған ұнайды, себебі, түбінде біз жаңа мәдениетке үйренеміз. Бұл қиын ба? Иә", - деді Роналду.

Әлем футболының жұлдызы 2022-23 жылғы маусымның ортасында "Әл-Насрға" ауысты. Қазіргі таңда Роналдудың командасы турнир кестесінде екінші орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2023094-bul-ote-qyzyq-ronaldu-ramazan-aiyndagy-zattygu-uaqytynyn-ozgergenine-tandanys-bildirdi/